1. Тефлонды полимерлеуде қолданылатын галогеналкан
Жауап: Тетрафторэтилен (F2C=CF2)
2. Этиленнің бром суын қосып алуы қандай механизммен жүреді
Жауап: электрофилді
3. Термопластикалық полимер, ақ түсті, аязға төзімділігі төмен, ең жеңіл полимерлердің бірі
Жауап: полипропилен
4. Табиғи көксағыздың физикалық қасиеті
Жауап: аморфты, кристалдануға бейім қатты зат, суда ерімейді.
5. Көксағызға 30—50% күкірт қосқан кездегі қатты, иілмейтін материал.
Жауап: эбонит
6. Стиролға сапалық реакция
Жауап: бром суын түссіздендіруі
7. Канықпаған бірнегізді карбон қышқылы
Жауап: Акрил қышқылы, олеин, линолен
8. Нәруыз молекуласының құрылымының бұзылуы
Жауап: Нәруыз денатурациясы
9. Құрамында күкірті бар амин қышқылы
Жауап: Цистейн